Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
мұғалімі Тауова Нұрсұлу Раулқызы
ТАҚЫРЫБЫ: Гербтер мен символдар
Мақсаты: Ұжым арасындағы адамдардың бір-біріне деген сыйластығын арттыру.
Міндеті:
. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымының маңыздылығын ашу.
. Ұжымның адам өміріндегі достық, шынайылық, адалдық асыл қасиеттерін ұғындыра отырып, сыйластық қасиетін түсіндіру.
. Ұжымды бірлікке, сыйластыққа, татулыққа тарту.
I.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоция мен тілек қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан ары нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана күтеді. Сіздің басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жандарға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде ... Мен нұрмын.»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Сіз қандай адамсыз, қалай өмір сүріп жатырсыз, өмірге көңіліңіз тола ма... Өзіңізге беймәлім өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз.
Ну орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:
Жауап:
Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.
Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.
Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.
Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.
Үшбұрыш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.
Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.
Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.
Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.
Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.
Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.
Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.
Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.
Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.
Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлы көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.
Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.
Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз.
Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз.
Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз.
Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз.
Кішкене: жауапкерсіз.
Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар.
Үлкен: жауапкершілігі күшті.
Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішіпейіл жансыз.
Металл: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.
Металл: достарыңызбен өте жақын, жақсы байланыстасыз.
Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.
Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ.
Ақбоз ат: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде кіршіксіз әрі ардақты.
Күрең арғымақ: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде әдеттегідей ғана.
Қара тұлпар: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде тым жақсы емес тіпті жаман болу мүмкін.
Тыныш тұрған не жайылып тұрғанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз үйдің қамын жейтін кішіпейіл адам.
Шапқылағанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз тұрпайы адам.
Қазір біз бұл заттардың нені бейнелейтініне қарайық:
Соққан құйын: сіздің өміріңіздегі қиыншылық.
Сандық:өзіңіз
Көпір:досыңыз
Жылқы:өмірлік қосағыңыз.
Сандыққа тығылу: қандай қиыншылыққа кездессеңіз де жалғыз өзіңіз қарсы тұрасыз.
Көпірдің астына бару: мейлі қандай уақытта қандай қиыншылыққа жолықсаңыз да достарыңызбен бірге шешесіз.
Тұлпарды таңдаған болсаңыз: қандай қиыншылық болса да, боран-шашынды күндерді де өмірлік қосағыңызбен бірге өткізесіз.
III. Ризашылық әні: «Достарым»
Әні: О. Көшеровтікі. Сөзі: Х. Закарияновтікі
IV.Шығармашылық жұмыс «Ұжым бір болса, алынбайтын қамал жоқ!»
Дәйексөз: «Өзіне өзі дос адам, жұрттың бәрімен дос бола алады»
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шертіссек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Күніміз күлкілі бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін,
Нұрлы аспан астында , аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін,
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүйуді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
Берсе берді бермесе санаспайық,
Болмайтынға ұрысып таласпайық,
Арамызда алаяқ біреу болса
Оны қатар ортадан аластайық!-
«Шын дос үшін қалайда ,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досың менен қасыңды»- дей келе «Іздегенде табылатын қасыңнан» атты тренингімізді аяқтаймыз.
МКҚК «Айналайын» балабақшасы
Тренинг
Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан»
Өткізгендер:
Психолог: Колкабаева К.Т
Сайын Шапағатов ауылы
2016 жыл
МКҚК «Айналайын» балабақшасы
Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік шуағы»
Дайындаған: Өзін-өзі тану жетекшісі: Денбаева Н
Сайын шапағатов ауылы
2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік шуағы»
Сабақтың мақсаты: «мейірімділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік: Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту ;
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ата-ананы жақсы көре білуге тәрбиелеу;
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап, сергіту сәті, мадақтау, қорытынды.
Көрнекі құралдар: автобус, алтын жүрекше, смайликтер, бұлт, бейне ролик.
Жетекші: - Балалар қараңдаршы, бізге бүгін қонақтар келген екен, кәне амандасайық.
I.Сәлемдесу.Үш тілде
Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың туған жер!
Армысың достарым!
Армысың қонақтар!
Қош келдің біздерге!
Добрый день солнце золотое!
Добрый день небо голубое!
Добрый день моя земля!
Добрый день мои друзья!
Добрый день гости!
Добро пожаловать к нам!
Good day gold sun.
Good day blue sky.
Good day motherland.
Good day dear friends.
Good day dear guests.
Welcome to us!
II.Тыныштық сәті
«Мейірімділер әлеміне » саяхатқа шығайық.Бұлттың үстіне отырмыз деп елестетейік. Өздеріңді қуаныш және мейірімділер әлемінде деп ойлаңдар.Бұл елде ерекше адамдар өмір сүреді. Олар өте мейірімді және бақытты.Бұл елде барлық адам бір-біріне қамқор, дос ерекше жылы және жарық. Себебі, бұл «Мейірімділер әлемі».
-Балалар, қане , өз жүректеріміздің дүрсілін тыңдап көрейікші, дос,анаға деген махаббат пен мейірімділікке толғанын сезінейік және оларға қарап жымияйық.Көздеріңді ашуларыңа болады.
III. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Жетекші: Балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізде мейірімділік, достық, махаббат туралы әңгімелесеміз. Мейірімділік дегеніміз ата-анаңа, ата-әжеңе, досыңа, ініңе, қарындасыңа, кез- келген адамға қамқорлық, ізгілік жасау.
Күн: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен шуағын шашатын, жылуын беретін, нұрын төгетін Күнмін. Сендердің жүректеріңе жылылық орнатуға әзірмін. Мейірімділік шуағына қонаққа келдім.
Балалар: Сәлеметсіз бе, күн!
Күн: Амансыңдар ма, балаларым!
Жетекші: Қош келдіңіз, төрлетіңіз! Біз мейірімділік шуағы елінен «Алтын жүрекке» саяхатқа шығамыз. Онда мейірім, қуаныш сыйлайтын жүрекке барып өзіміздің жақсы сөздерімізді айтып, орындалуын тілейміз. Күн, сіз бізбен бірге саяхат жасауға қалай қарайсыз?
Күн: Әрине, мен балалармен «Алтын жүрекке» саяхатқа шығуға дайынмын.
Жетекші: Барлығымыз көлікке мініп, жайғасайық. Көңілімізді көтеріп, «Атамдыда жақсы көрем» әнін хормен айтайық (ән айту).
Балалар, міне Алтын жүрекке де келіп қалдық (барлығы көліктен түседі).
Жетекші: Кәнеки балалар, қолымыздағы көңілді смайликтерді тілек айтып жапсырайық.
Алтын жүрек: Сәлеметсің бе күн, сәлеметсіздер ме балалар! Алтын жүрек қалашығына қош келдіңіздер. Жүздеріңнен күлкі жүректеріңнен жылу мейірімділік кетпесін. Сіздердің айтқан тілектеріңіз қабыл болсын! Жолдарың болсын, сәт сапар! Сау болыңыздар!
Жетекші: Армандарың орындалсын! Осы қуанышты, жақсылықты, мейірімділікті, жылылықты өз елімізге бірге ала кетейік.
Енді өзіміздің Мейірімділік шуағы елімізге қайтатын уақыт болды.(балалар, күн автобусқа мінеді).
Жетекші: Балалар, бізге жылылығын, мейірімділігін беріп, «Алтын жүрек» қалашығына бізбен бірге саяхатқа барған Күнді шығарып салайық. Сау болыңыз, жолыңыз болсын!
Сергіту сәті: Жетекші балаларға сергіту сәтін қимыл-қозғалыстарымен көрсету арқылы жасатады:
Атамның алып күрегін (күрек ұстаған...)
Ауланың қарын күредім ( қарды күреу....)
Әжеме мен құдықтан ( құдықтан су алған...)
Су әкеліп беремін (шелекті көтеру....)
Еденді де жуамын, ( еденді жуу..)
Шаң- тозаңды қуамын. ( шаңды сүрту..)
Ойын: Сиқырлы почта
Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жылы сөздер айту арқылы, жылы сөздер айту арқылы бір-біріне жақындау керек. Балалар әр сөз айтқан сайын жақындайды.
Ғажайып сөздер: балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. Мейірімділік, қамқорлық, қуаныш, жақсылық
Қорытынды: Бір-бірімізге мейірімді болуымыз керек. Барлық жақсы атаулыны, мейірімділік шуағы сендердің жүректеріңде мәңгі орын алсын!Топтық жұмыс(Балалар гүл жасап, келген қонақтарға сыйға тартады)
Жүректен-жүрекке:
Мейірімді ізде, таза аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен
Мейірім ана бойында сіңірген бойға,мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
Жамбыл оьлысы Т.Рысқұлов ауданы
Ақыртөбе ауылы
«Болашақ» бала бақшасының
педагог-психологы: Байсихимова Гүлназ
Асқарқызы
Тренинг
Тақырыбы: «Көтерейік қане достар көңілді»
Мақсаты: Педагогтардың бір сәтке болса да өмірдегі қиыншылықтардан және күнделікті жай ғана кездесіп жүрген стрестен арылтып, көңілдерін көтеру.
Мақсаты: Есімдерін теріс қарай атап айтып, өздерін таныстыру.
Мақсаты:Қатысушылардың ерекше сәлемдесу түрін ойлап табу.
Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерін жетілдіру.
Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз орман, тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз. Ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.
Сараптама:
Орман ішінен өткенде басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?
Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезіміңізбен бөлісіңіз?
4.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған Мысалы: егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. Сіздің текшеңізде не жазылғанын көріңіз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап,әр қайсыларыңыз өз сыңарларыңызды табуларыңыз керек. Сөйлемейсіздер, дыбыс шығармайсыздар, тек әр түрлі қимылдар арқылы кез келген әрекетті қимылдар арқылы үнсіз жасайсыз. Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз бірге тұрыңыз бірақ үндемейсіз, тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқан кезде ғана жаттықтырушы «сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Мақсаты: Қатысушылардың тіл табыса алуын, бір-бірін толық тануын дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез-келген жағымды комплимент айтады.
Мысалы: өте көңілді, жылдам т.б. Ал қалғандары ол комплиментің кімге арналғанын айтады. Комплимент иесі ойынды ары қарай жалғастырады. Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын ары қарай жалғасады.
Сабақтың тақырыбы: «Эстафеталық ойындар»
Сынып: 5
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды спортқа қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Қимыл-қозғалыс әрекеттерін, ақыл-ой өрістерін, төзімділік қасиеттерін жан-жақты дамыту, тұлғаны жетілдіру, денсаулықты нығайту, ойлау қабілеттерін арттыру, дене бітімін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір сүруді дәріптеу, шымыр да шапшаң қимылдауға тәрбиелеу.
Өтілетін орын: Спорт залы.
Керекті құралдар: Доптар , ысқырауық, кедергілер, секіртпе.
Бөлімі |
Сабақтың мазмұны |
уақыты |
Әдістемелік нұсқаулар, ескертулер |
Кіріспе бөлімі 10мин
|
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекшіден рапорт қабылдау. Сәлемдесу, түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сапта орындалатын жаттығулар: · Оңға бұрылу; · Солға бұрылу; · Артқа бұрылу, кері бұрылу; · Орнында қадам басу; Жүру: · Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен; · Қол желкеде, өкшемен; · Қол белде, табанның ішімен. Жүгіру: · Жәй жүгіру; · Тізені жоғары тастап жүгіру; · Оң, сол және қос аяқпен секіру; · Екі жаймен кезек-кезек жүгіру; · Қаздар жүрісі. Демалу.
|
1 мин
2мин
30сек 30сек 30сек
30сек 30сек 30сек 1мин |
Тыныштық сақтау. Оқушылардың формаларына назар аудару.
Денені тік ұстап, шынтақты иық тұсында ұстау.
Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау, керілу, еңкею кезінде тізені бүкпеу.
Еркін демалып, бірқалыпты жүгіру.
Әрбір жаттығуды әдемілеп талапқа сай орындау.
|
Негізгі бөлімі 30мин |
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Әр топ өзінің аты мен ұранымен таныстырады. | - кезең: «Кім бірінші» (доппен). Екі топ бірінің артынан бірі тұрады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, топтардан 6 м қашықтықта. Бұл сызықта әр топ басшылары қарама-қарсы тұрады. Белгі берілісімен топ басшысы допты өз тобындағы бірінші ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан топ басшысына лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді. Кім бірінші болып ойынды бітірсе, сол топ жеңіске жетеді. | | - кезең: «Картоп екте, жинап ал» Бірінші тұрған ойыншы картопты егеді, екінші ойыншы оны жинап алады. Қай топ картопты бірінші жинап алса, сол топ жеңген болып есептеледі. || | - кезең: «Математикалық есептер» Оқушылар үстел үстіндегі тұрған есептерді қатесіз орындап келесі оқушыға кезегін беруі керек. Осылай берілген есептер толық шығарылуы керек. Есепті бірінші және қатесіз шығарған топ жеңіске жетеді. || | | - кезең: «Икемді бол» Допты аяқ ортасын қысып, белгіленген белгіден секіріп айналып келу.
|
3 рет
2 рет
2 рет 3 рет
2 рет
2 рет |
Ара қашықтығын қатаң сақтау.
Допты домалатып беру.
Допты жерге соғып беру.
Допты түсірмей беріп ойнау. Ұпай санын айту. Ойынды қабылдау.
Ойынды қадағалау. Ұпай беру.
Доп аяқтың арасынан түсіп кетсе, түскен жерде ойынды жалғастыру.
|
Қорытынды бөлімі |
Оұушыларды сапқа тұрғызу. Сабақта ерекше көзге түскен оқушыларды атап өту. Деңіске жеткен топты құттықтау. Сабақтың қорытындысы. Үй тапсырмасы. Қоштасу. |
2 мин |
Ойын кезінде жіберген негізгі кемшіліктерге тоқталу. |
С.
Сабақтың тақырыбы: «Ережені сақтап волейбол ойынын ойнау»
Сынып: 8
Мақсаты: Оқушыларға волейбол ойынының ережелерін үйрету, допты жоғарыдан және төменнен қабылдау, ойынға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір сүруді дәріптеу, шымыр да шапшаң қимылдауға тәрбиелеу.
Өтілетін орын: Спорт залы.
Керекті құралдар: волейбол доптар , ысқырауық, волейбол торы, есепшот.
Бөлімі |
Сабақтың мазмұны |
уақыты |
Нұсқаулар, ескертулер |
Даярлық бөлімі
|
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекшіден мәлімет алу. Сәлемдесу, түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сапта орындалатын жаттығулар: · Оңға бұрылу · Солға бұрылу · Артқа бұрылу, кері бұрылу · Орнында қадам басу
|
1 мин |
Тыныштық сақтау
киімдеріне назар аудару
бұйрықтарды дұрыс орындау |
Спорт залды айналдыра бірқалыпты жүру: · жеңіл жүру · спорттық жүріс · аяқтың ұшымен жүру · қолды желкеге қойып, өкшемен жүру · қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру
|
2 мин |
Ара қашықтығын қатаң сақтау
Қол мен аяқтың қимылы үйлесімді болу керек |
|
Спорт залды айналдыра бірқалыпты жүгіру: · қолды мықынға қойып, тізені көтере жүгіру · қолды артқа ұстап, аяқты артқа сілтей жүгіру · қолды мықынға қойып, аяқты алға түзу сермей жүгіру · қолды мықынға қойып, сол және оң бүйірмен жүгіру
|
3 мин |
Жаттығудың орындалу жиілігі жоғары болуы
Жаттығуларды талапқа сай орындау |
|
Жалпы жетілдіру жаттығулары: · қол белде, мойынды қыздыру · мойынды оң, солға айналдыру · қол иықта, иықты алға қарай 3 рет, арттқа қарай 3 рет айналдыру
|
10 мин |
Сапқа тұрғызу, екі топқа бөлу
Кезекшілігінің басшысымен жаттығуларды орындау |
|
Негізгі бөлімі |
Волейбол добын беру және қабылдау түрлері туралы түсінік беру. Допты жоғарыдан беру, алу, төменнен беру, алу тәсілдерін түсіндіру, орындалуын көрсету. Қарама-қарсы орындалатын жаттығуларды жасату: 1. Допты бір-біріне жоғарыдан беру арқылы 2. Допты жерге соғып беру, лақтырып беру 3. Бір қолымен кезектеп құлаштап беру 4. Допты алақанмен соғып беру 5. Алаңда тордың жанында тұрып, әр түрлі тәсілмен соғып беру 6. Бір-біріне допты жоғарыдан, төменнен беру, қабылдау 7. Құрбысына бетпе-бет қарап тұрып, допты тордан асыра соғып өткізу 8. Допты тордан асыра соғу, 4-3-2 9. Оқушыларды екі топ ойыншылары арасында ойынды ойнату
|
2 мин
5 мин
5 мин
15 мин |
Ойыншыларды жұппен тұрғызу Допты беру
Алаң сызығын аяқпен баспай |
Қорытынды бөлімі |
Сабақтың қорытындысы 1. Сабақта өтілген жаттығуларды қайталау Үй тапсырмасы |
2 мин |
Оқушылардың тынығуын қамтамасыз етіп, тәртібіне көңіл аудару |
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Сабақта пайдаланатын спорт құралдары: Ысқырауық, волейбол доптары, секундомер.
Өтетін орны: Спорт залы.
Сынып: 10 (2 сағат)
Бөлімі |
Сабақтың мазмұны |
Уақыты |
Әдістемелік нұсқаулар, ескертулер |
Дайындық бөлімі 15-18 мин |
1. Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу; 2. Сабақтың тақырыбын айтып түсіндіру;; 3. Саптағы жаттығулар: · оңға, солға, айнал; Жүрістің түрлері: · аяқтың ұшымен жүру; · өкшемен жүру; · аяқтың ішімен жүру; · толық отырып, спорттық жүріспен. Жүгірістің түрлері: · аяқты артқа сермеп жүгіру; · аяқты алдыға сермеп жүгіру; · оң иық және сол иықпен секіріп жүгіру, жай жүгіріс.
|
1мин
30сек
30сек
30сек 30сек 30сек 30сек
30сек 30сек 30сек
|
Сабақтың мақстын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Денені түзу қстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру. Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру. Тек сол иықпен қарап алға жүгіру. Әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау. Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру. Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізіледі.
|
Жалпы дамыту жаттығулары: 1) Б.к. аяқ иық мөлшерінде, қолымыз белде, 1-4 санға басты оңға 1-4 солға айналдырамыз; 2) Б.к. аяқ иық мөлшерінде, қолымыз белде, 1-4 санға оңға 1-4 солға бүгілеміз; 3) Б.к. аяқ иық мөлшерінде қолды 1-4 ішен 5-8 сыртқа айналдырамыз; 4) Б.к. т а) аяқтың ұшына тұрып қолды жоғары созамыз, б) қолды аяқ ұшына тигізіп, иілеміз, в) қолды алға созып отырамыз, г) тұрамыз; 5) Б.қ.н.т.сол аяққа отырып оң аяққты жаңға созу. 1-2 оң аяққа ауысу; 3-4 сол аяққа ауысу. 6) Б.қ.нт. оң аяқты алдыға созу. 1-2 оң аяқты алдыға созу, 3-4 сол аяқты алдыға созу. 7) Б.қ.н.т. орнында секіру, 1-4 оң аяқпен, 5-8 сол аяқпен, 9-12 қос аяқпен секіру. 8) Демалу жаттығуын жасау.
|
30сек
30сек
30сек
1мин
1мин
1мин
1мин
30сек |
Денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау.
Денені түзу ұстау.
Басты көтере, қолды бүкпен ұстау. Денені түзу ұстау.
Тізені түзеу, жаттығуды дұрыс жасауына назар аудару керек.
Секіріп жасау.
Терең демалу. |
|
Негізгі бөлімі 67мин |
Волейбол ойынының арнайы жаттығулары: 1) Құрбысына бетпе-бет қарап тұрып волейбол допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру; 2) Сол қолымен; 3) Оң қолымен; 4) Секіріп. І. Волейбол добын жоғарыдан және төменнен қабылдау, беру. ІІ. Волейбол допты тордан соғу 4 –н, 2- н. 1) Волейбол допты 4-н соғу; 2) Волейбол допты 2-н соғу.
ІІІ. Волейбол допты ойынға қосу тәсілдері: 1) Волейбол добын үстіден торды асыра қосу; 2) Волейбол добын астыдан асыра қосу.
ІҮ. Волейбол ойыны: 1) Волейбол ережесімен екі жақтың ойыны 6х6.
|
10рет
10рет 10рет 10рет 5мин
5мин 5мин
5мин
5мин
27мин |
Допты лақтыру жаттығудың дұрыс жасалуына назар аудару керек.
Волейбол тордан ойнау, қабылдау, беру. 3 номерден допты көтеру, соғу жаттығудың дұрыс жасалуына назар аудару керек. Алаң сызығын аяқпен баспай соғу жаттығудың дұрыс жасалуына назар аудару керек.
Ойын кезенде қателіктеріне назар аудару. |
Қорытынды бөлім |
Қорытынды бөлім. Сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Спортзал ішінен саппен шығып кету.
|
5мин |
Белсенді оқушыларды бағалау. ЖДЖ. |
Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназияның
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Айтпаев Мұратбек Серікбосынұлы
Күні: Сыныбы: 8Б – сыныбы. Тәрбие сағаты.
Сынып жетекшісі: Аметова А.Д.
Сабақ тақырыбы: Білімді ұрпақ
Мақсаты:
Оқушылардың әр салада білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін жетілдіру;
топпен ұжымшылдықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Отан тарих-табиғатына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: интерактивті, ашық тәрбие сабағы, сыныпішілік сайыс
Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, тапсырмалар
Әдіс-тәсілдері: СТО әдісі бойынша дайындалған тапсырмаларды топпен орындату
Сабақтың барысы
1.«Серігіңді тап» - оқушылар мозаикалардың жалғасын тауып құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.
1 топ – суреті «Жылқы»
2-топ – суреті «әтеш»
3-топ – суреті «Қоян»
2.«Жұмбақтар әлемінде» жұмбақтар шешу
3.«1001 мақал» мақалдар айтысы
- ас, тағам туралы
- қонақ, қонақжайлылық туралы
- өтірік пен шындық туралы
- жаспен кәрілік туралы
4.«Шешендік сайыс»
Белгісі болса-жолдан жаңылмас,
Білімі болса- сөзден жаңылмас.
Махмұд Қашқари
Қыран құстың баласы
Ұшса келмес ұяға...
Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай
Көзін салар қияға.
Махамбет Өтемісұлы
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.
Сонда да бар солардың таңдамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.
Сонда да бар солардың таңдамасы.
Абай Құнанбаев
Қызығыңды көп көрдім
Қарабастау, Құлансаз.
Күндерімді өткердім
Сенде жүріп ұзақ жаз.
Жамбыл Жабаев
5.«Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
Егерде мен бестік баға алып келсем ...
Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем ...
Егерде мен досымның көңілін қалдырсам ...
Егерде мен сабаққа келмей қалсам ...
6.«Ғылымдар сыры»
Математика
Отбасында 7 ұл бар. Әрқайсының қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? 8
Қазақ тілі
-на,-не қай септікке жалғанады? Барыс
Қазақстан тарихы
1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас ұраншысы, ақын кім? М.Өтемісұлы
География
Кез келген нысандардың географиялық орнын қалай анықтауға болады? Жауабы:Карта
Биология
Ол біздің ағзамыздағы микробтармен күреседі. Сен дем алатын оттегіні бүкіл денеңе таратады. Пайдаланылған газды өкпеге жеткізеді, сен оны деммен шығарасын. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетін жабатын жабысқақ ерекше затөндіреді. Ол не?(қан)
Арнайы сұрақ
Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, оны суы сарқылғанша қайнатады. Қайнауы жеткен соң, қызыл-сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Бұл қандай ұлттық тағам? ірімшік
Логика
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса .24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? Жауабы : Жоқ
7.«Кім көп біледі?»
Осымен ойын сабағымыз өз мәресіне таяп қалды. Сайысымызды жинақ парағымен қорытындылайық.
Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым – Шоқан Уәлиханов. Ал, қазір Сіздердің назарларыңызға қазақтың жарық жұлдызына арналған өлең жолдарын ұсынамыз.
Оқушы:
Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған,
Қайғыны жазып бойды езген,
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген,
Сапармен барып Қашғарға!
І. Тауларын кезіп Тянь-Шань,
Манасын жазған қырғыздың.
Жете алмай кеткен сан қыран,
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
Жоңғардың батыс сілемін,
Мекендеп қалған мәңгілік.
Туған жер жауып кілемін,
«Алтынемел» тұр жаңғырып.
ІІ. Ғылым оқып білгенше,
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүние кезіп көргенше,
Рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады,
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.
Оқушылар сендерге «Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз» деген тілекпен «Білімді ұрпақ» атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
КІТАП
|
РУЧКА |
КАРАНДАШ |
ГЛОБУС |
ӨШІРГІШ |
ЦИРКУЛЬ
|
СЫЗҒЫШ |
МАРКЕР |
ТҮРЛІ ТҮСТІ КАРАНДАШ |
ПАПКА |
АЛЬБОМ
|
ПЕНАЛ |
КҮНДЕЛІК |
КОМПОС |
АТЛАС |
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
|
КЕСКІН КАРТА |
КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІ |
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТЕР |
ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
|
БОР |
ӘДЕБИ КІТАП |
РЮКЗАК |
ПЛАСТЕЛИН |
БОЯУ
|
МАГНИТ |
КАЛЬКУЛЯТОР |
КОМПЬЮТЕР |
КІТАПХАНА |
МАГНИТ
|
ДӘПТЕР |
СЫНЫП ЖУРНАЛЫ |
ФЛЕШКА |
ФАЙЛ |
Жинақ парағы
Жамбыл облысы Тараз қаласы
Н.Тілендиев атындағы
облыстық мектеп-интернаты
тәрбиеші:Қансеитова А.Е.
Тақырыбы: «Отбасы-аялы алақан мекені.»
Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят
жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгелдеу.
таныстыру.
Кіріспе сөз: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда
Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-аялы алақан мекені», атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кезде жетті. Кезекті сайысқа түсетін
топтарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.
«Болашақ білімді жастар қолында» тақырыбында білім сайысы шарты әр топқа сұрақтар қойылады.
1-топқа
қадірлі.)
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
2-топқа
(Алматы, Астана)
Екінші кезең
Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек.
(Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жарысы)
Үшінші кезең
«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
1-топқа
көз қарасың қандай. Сыныптасың ретінде не айтар едің?
2-топқа
Сабағымыздың төртінші кезеңі пікірталас
Тақырыбы: Әйел-азаматы мемлекетті басқара алады ма? Топтар өз сөздерін дәлеледеу қажет (жақтаушы топ, қарсы топ болып)
Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.
Ортаға оқушы және ата-ана шығады
Оқушыға «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады
Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»
Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.
Келесі ойынымыз. Отаға бір оқушы мен ата-ананы шақырамыз.
Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.
Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе ....» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.
Оқушыға «Менің ата-анам бақытты болсын десем....» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жа манды бір қорапқа жинақтайды.
Тәрбиеші: Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке
мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы бүгінгі сабағымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-міндетін орындап ой бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.
Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы,
Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.
Жамбыл облысы Тараз қаласы
Н.Тілендиев атындағы
облыстық мектеп-интернаты
тәрбиеші:Қансеитова А.Е.
«Мен елімнің ертеңімін»
Мақсаты: білім алуға деген ұмтылыстарын, алынған мәліметтерге сыни
көзқараспен қарау қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: Өз бетімен білім алу қабілетін қалыптастыру;
Оқу үлгерімдерін көтеру міндетін шешу және өз бетімен
анықтау қабілеттерін қалыптастыру;
Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Ұйымшылдыққа, бірлікке, іздемпаздыққа баулу, ұтқыр
ойға ұтымды жауап беру дағдыларын қалыптастыру;
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, сигналдық белгілер,
эмблема.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздендіру.
Сабақтың түрі: танымдылық ойын сайыс сабақ.
Қайырлы күн , құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Мен елімнің ертеңімін» атты ойын сайыс сабағы. Мақсаты оқушылардың алған білімдерін сынау, сараптау және озық ойлы оқушыларды анықтау.
Ойынымыздың шартымен таныстыра кетсем
Бәйге, Жорға, Дода, Тапқырлық кезеңдерден тұрады.
Осы сайыс сабағымызды сараптайтын әділ қазылармен таныстыра кетейін.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау
Озат болу шарты сол еңбектену
Ендеше сайысқа түсетін сынып оқушылары ұрандарымен таныстыра кетсе.
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп ойынымыздың алғашқы кезеңі «Бәйге». Кезеңінің шарты 30 сұрақ беріледі.
Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады:
Сұрақтар
(1989 ж 20 қараша БҰҰ)
(2002 ж 8 тамыз 3 бөлім 37 бап)
Неше тарау және неше бап? (2007 ж27 шілде, 12 тарау, 68 бап)
(1997 жылы 11 шілде)
қаласында өтті.
Жүргізуші:
Екінші кезеңіміз «Жорға» логикалық жұмбақ сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланды.
Қылығым болса сенен асырамын
Шеше алсаң жұмбағымның бар жауабын
Шаттанып күн секілді ашыламын дегендей
жұмбақтарды мұқият тыңдап алыңыздар
1 Жанұяда бес ер бала және олардың әрқайсының қарындасы бар. Жанұяда
қанша бала бар?
неше түйеқұс қалды?
бе?
килограмм тартады?
алма бар?
Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Дода»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау.
Озат болу шарты сол-еңбектену жалықпау.
Ендеше ойынымыздың келесі кезеңіне көшсек
Мақал қайдан шығады ой болмаса.
Киіз қайдан шығады қой болмаса деп ойынымызды жалғастырайық
Кезеңнің шарты мақал мәтелді жалғастыру.
7.Тәні саудың...............................................................................
8.Көп түкірсе ..............................................................................
9.Жұмыла көтерген ....................................................................
Ойыншыларды бағалап ұпай саны 2-і оқушыны шығарып салсақ
4-ші кезең «Тапқырлық»
4 кезең «Тапқырлық» Ойын шарты тапсырманы орындау. Тапқырлығына,
ойлануына, жауабына 5, 10, 15 ұпайдан беріледі.
1 Тапсырма:
Бір аңшы тоғыз үйрек ұстап алады. Ол тоғыз үйректі бір қораға қамайды.
Олар бір қораға сыймай бір-бірімен шоғысып қауырсындарын жұлуға
дейін барады. Сонда аңшы тоғыз үйрекке жеке-жеке бөлме салып береді.
Енді мұқият тыңдаңыздар, тапсырма: аңшы екі төрт бұрыш салып, немесе
екі төрт қабырға салып үйректерді жекелеп қамайды. Аңшы қалай екі төрт
бұрыш салып үйректерді жекелеген?
Сөзді әділқазыларға берейік.
Тәрбиеші:
Жұлдызы жанған озық ойлы оқушымызды қошеметтеп қол соғып қояйық.
«Білікке сенер заманда ешкімге есе бермедік, Бірлікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік деп даналарымыз айтқандай» Келешек білімді ұрпақ
қолында екендігін Елбасымыз жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек
емес.Алдағы уақытта да тек биіктен көріне беріңіздер деген ізгі ниетпен.
Біз ойынымызды тамамдаймыз. Біздің білімде жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек сәттілік тілейміз.
Пәні: Психология
Тобы:
Сабақтың мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Темперамент туралы жалпы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: темперамент туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін ұғындыру, темпераменттің басқа психикалық қасиеттермен байланысын түсіндіру.
Дамытушылық: өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра түсіндіру, студенттердің ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу, шығармашылыққа бейімдеу.
Тәрбиелілігі: студенттердің белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Түрі: аралас
Әдісі: іздендіру, түсіндіру, топтастыру, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ой-толғау.
Пәнаралық байланыс: жалпы психология, жантану, жалпы педагогика.
Көрнекілігі: техникалық құралдар, слайд, интерактивті тақта, оқулықтар.
Қолданылған технология: ойын технологиясы, Шаталовтың тірек-сызба технологиясы, т.б.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау. Балаларды смайликтер арқылы төрт топқа бөлу және бағалау жұлдызшаларын көрсетіп түсіндіру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
«Ғажайып бестік» ойыны
Психология- психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ғылым ретінде психологияның міндеті – психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу.
Психологияның әдістері – педагогикалық психология, жасерекшелік психологиясы, арнаулы, еңбек, медициналық, әскери, әлеуметтік, спорт, сауда, ғылыми-шығармашылық, салыстырмалы, заң психологиясы.
Психологияның ең алғашқы дүниеге келген жері - ежелгі Грекия. Ол гректің екі сөзінен тұрады: біріншісі – «псюхе» жан, екіншісі – «логос» ілім, яғни жан туралы ілім. Психология ХІХ ғасырдың ІІ жартысында дүниеге келді және ол философиядан өз алдына дербес ғылым ретінде бөлініп шықты.
Аристотель алғаш болып жан туралы ғылыми түсінікті енгізді. В.Вундт психологиядағы экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы. Демокрит «жанды» оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірген ертедегі грек ойшылы (материалист). Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалисттік тұжырым жасады. Платон, керісінше, жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, ерік.
Психикалық қалып: шаттану, ренжу, селқостық, т.б.
Психикалық қасиеттер: қабілет, темперамент, мінез.
Қабілет – әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады.
Қабілет – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі атқаруы.
Мінез – адамның негізгі өмірін, беталысын және оның өзіндік әрекетінің айрмашылығын сипаттайтын сапалық өзгешелік.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психикалық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Сөзжұмбақ
ІV Негізгі бөлім
Жаңа сабақты түсіндіру
«Тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек!»
Д.Ушинский
Темперамент- жүйке жүйесінің тума қасиеттеріннен туындайтын адамның жеке өзгешелеіктерінің бірі.
Ол- адамдардың эмотциялық қозғалыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Мәселен, біріеулур шапшаң қимылыдайды, тез қозғалады, енді біреулер жай қозғалады, асықпайды. Бұлар адамның жалпы қозғалысынан байқалады.
Психиканың күші мен тереңдігінен адамның өжет алғыр болуын байқауға немесе керісінше, сылбыр, жігерсіз болуын байқауға болады. Адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз,ал эмотция сезімдерінен сабырлы, күйгелікті байқауға болды. Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие.
Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кезде айтала бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған Гиппократтың ойынша, әр түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар; денені жылытып тұратын-қан, салқындататын-шырын (слизь), құрғататын –бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ).
Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “карсис» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атаған.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамның тампераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген.
Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвинкалық ( лат «сангиус» - қан), ал шырын басым болса, (грекше «флигма»- шырын,) флигматик темпераментті, ал организмде қара өт басым болса меленхолик
(грекше «меланхолик» -қара өт ), организмде сары өт басым болса холерик
(грекше «холе-өт) темпераментті деп аталады.
Рим дәрігері Гален температенттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераментті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераментті баяуламайтынын айтты.
Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің «антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрлі туралы писихологиялық сипаттама береді. Бірақ ол темперамент пен мінезді бір-біріне балама ретінде қарастырады.
Темперамент түрлеріне теориялар 19 ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттің түрленіше болуы- жүйке жүйесінің тонусыны байланысты десе, орыс антропалогы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.
Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деді.
Темпераменттің физологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павлов болды. Жүйке жүйесінің типтері деген Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке процестерінің күші – сыртқы ортаның түрлі тітіргеніштерге мидың төзімділігі жатады. Жүйке процесінің тепе-теңдігіне – қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процесінің қозғалыштығы-қозу мен тежелудің бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттігін айтады. Осы принциптерді негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің әрбір типінің үш үлгісін көрсетті ұстамсыз тип, ширақ тип,баяу тип.
Ұстамсыз тип- жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу мен тежелу процесі бір-бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип.
Ширақ тип-қозу мен тежелу процесі бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады.Баяу тип- қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу.
Павлов сангвинктерді – ширақ, күшті, қозуы мен тежелуі тең, халериктерді-ұстамсыз,қозғалғыш адам, флегматиктерді-қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен қозғаласы баяу адамдар десе, меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар.
Павлов холериктерді жылдам, тез әрленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип атады. Бірақ ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда сылғыртау икемі кемірек. Осыдан ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбірек сырттай көрінеді, сондықтан толық экстраверт.
Сангвиник – ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап, тастап жүреді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда , ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері-іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бір жерде жеңіл мінезге салынады. Сангвиник төңірегіндегілер мен тіл табысқыш, жаңа себептерге қарамастан бір істен, екіншісіне ауыса алады.
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Флегматик өте қуатты жұмыстан шаршамайды. Шыдамды , ұстамды, сезімге берілмейді, сырттай әсерге төзімді. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет боып табылады.
Меланхолик темпераментіндігі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді неде болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтпайын дегенін айта алады. Тұйықтық өз ойына шомылуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалық осы темпераметтің ең нашар жағы. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның біршама психикалық процестері әлсіз.
Неміс психологі Вильгелин Вундт 19 ғасырдың аяғында темпераментті жылдамдықтың және жан қозғалыстарының күштерінің арақатынасы деп біледі. Ол темпераментті екі түрге бөлді; эмоциясы күшті темпераменттер, әлсіз эмоциялы темпераменттер холерик және меланхолик типтерін жатқызады.
20 ғасырда темперамент туралы пікір айтқандардың бірі және ерекше кеңінен таралған Э.Кречмердің (1888-1964) ұсынған типологиясы. Ол 1921жылы өзінің «Тән құрылысы және мінез» атты белгілі еңбегінде темперамент адамның тән құрлысының белгілі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болатындығын дәлелдеді. Э.Кречмердің теориясы Еуропада кеңіне тарады.
Бұл теория дене бітімінің теориясы деп аталады. Ерекше кеңінен тараған теория Э.Кречмердің типологиясы. Бұл теорияның негізгі идеясы адамдардың дене бітімінің немесе құрылымының белгілі түріне қарай белгілі психолгиялық ерекшеліктері болатындығы.
Ол адам денесінің бөліктеріне көптеген зерттеулер жүргізіп, осының нәтижесінде 4 дене бітімінің типін бөліп көрсетуге мүмкіншілік берді.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы типін гено атады, демек тұқым қуалайтын тип жүйке жүйесінің типі- бұл жүйке жүйесінің табиғи туа біткен қасиетті, бірақ өмір және іс-әрекет жағдайымен өзгеруі мүмкін. Жүйке жүйесінің типі адамның мінез-құлқына ерекшелік береді. Адамның барлық келбетіне өзгеше із қалдырады.
Гиппорат бойынша темпераменттер классификациясы
(видеоролик)
Бұдан 2500 жыл бұрын белгілі дәрігер Гиппократ алғаш болып адамдардың темпераментінің классификациясын құрды. Ол барлық адамдарды темперамент бойынша 4 топқа бөлді;
Холерик – қарым-қатынасшыл, эмоцияналды, аздап қызбақанды. Холериктерге жоғары дәрежедегі, іс-әркекетте өте жылдам қозғақғыштық, уайым-қайғыда өте қатты эмоцияланды, конфликтілі жағдайларда ашушаң, ұстамсыз.
Сангвиник – ұстамды, салмақты, тұрақты тип. Қабілеттілігі, зейіні жақсы дамыған. Сангвиниктердің белгілі бір мақсатқа жетудегі белсенділігі өте жоғары деңгейде. Бұл типтегі адамдар қарым-қатынасшыл, қозғалғыш, жағдаятқа тез бейімделгіш, сәтсіздіктерді оңай жеңе біледі.
Флегматик – эмоциясы, қарым-қатынасы, қимыл-қозғалысы баяу типтегі адамдар. Олардың қабілеті мен зейіні жақсы дамыған. Олар жәй, салмақты, тұрақты, өз әдет-ғұрпын өте жай өзгертеді. Үнемі жақсы көңіл-күйде жүретіндігімен ерекшеленеді.
Меланхолик – аздап әзершіл, қарым-қатынасшыл емес, және өз-өзіне сенімсіз тип. Ол қозғалғыштығының және сөйлесу белсенділігінің төмендігімен, жоғары дәрежедегі эмоционалдылығымен және әсершілділігімен ерекшеленеді. Ішкі қайғы-мұңға әсершіл болып келеді. Көбінесе меланхоликтер творчестовалық әрекеттерде көрінеді.
Бекіту
І «Кім жылдам?» сұрақ-жауап ойыны
ІІ Тест сұрақтары
А) И.П.Павлов Ә) Гиппократ Б) Гейне
А) И.П.Павлов Ә) Гиппократ Б) И. Кант
А) К.Гален Ә) Э.Кречмер Б) Шелдон
А) 17ғ Ә) 18ғ Б) 19ғ
А) Сангвиник Ә) Меланхолик Б) Холерик
А) Флегматик Ә) Сангвиник Б) Холерик
А) Флегматик Ә) Сангвиник Б) Холерик
А) Флегматик Ә) Сангвиник Б) Меланхолик
А) Сангвиник Ә) Меланхолик Б) Холерик
А) Сангвиник Ә) Меланхолик Б) Холерик
III Практикалық тапсырма. Видеоролик бойынша темпераменттерді анықтау
Мультфильм (00:01:31)– Простоквашино (Шарик – Матроскин)
Мультфильм (00:01:16)– По дороге с облаками (Маймыл – Жолбарыс)
IV Көрініс «Касса»
V Зерттеу Постермен жұмыс жасау
VI Үйге тапсырма
Жаңа тақырыпты мазмұндау. Темпераментті анықтауға арналған тест сұрақтарына жауап беру
Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясы
Маңғыстау филиалы
ХII облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция
Секция: Медицина, психология
Ғылыми жетекшісі: Кадирбаева Зауреш Турашовна
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы
Мазмұны
Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------
1.Психологиядағы эмпатия мәселесінің теориялық негіздері
-------------------------------------------------------------------------------------------------
2.Мектеп жасына дейінгілердің эмпатиясын дамытудың жолдары
2.1.Мектеп жасына дейінгілердің эмпатиясын дамытудың тиімді әдіс – тәсілдері
2.2.Тәжірибелік - эксперимент жұмысының қорытындысы ------------------------
3.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
Рөлдік ойын «Кикілжіңнің алдын алу»
Ойынның мақсаты:Балаларға кикілжіңді жағдайдың алдын алуды үйрету. Проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастыру.
Керекті құралдар: Шарлар, жұмсақ ойыншық, ватман, маркер.
Ойын барысы:
а) топ мүшелерінің өздерін таныстыруы (аттарын атап, соған сай өзінің бойындағы қасиетін сипаттайтын сөздер айту);
ә) бір-біріне жылы лебіздер білдіру;
Мысалы: сәттілік тілеймін, бақыт, денсаулық т.с.с.тілектер айтып, бірден ойынға кірісу.
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу (2 топ)
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
Психолог: «Адамдар не себепті ренжіседі?» деген мәселе жайлы ойланып, жауаптарыңызды ватмандарға жазыңыздар. Барлық жауап нұсқаларын әр топ тақтаға іледі.Ал енді талқылап көрейік.
Адамдар бір – бірін түсінбейді.
Өз эмоцияларын басқарып ұстай алмайды.
Өзге адамның ақылын тыңдамайды.
Өзге адамдардың құқығын ескермейді.
Үнемі өзінің басымдылығын көрсетуге тырысады.
Өзгелерді тыңдай алмайды.
Бір – бірін әдейлеп ренжітуге тырысады.
Психолог: 2 жұпқа бөлініңдер. 1- ші жұп жаман сөздер айтса, 2- ші жұп келісіп, комплименттер (қолпаштау,мадақтау) айтады. Мысалы: (1жұп) сен жамансың десе, (2жұп) иә мен жаманмын келісемін, сен жақсысың, рахмет т.с.с.
Талдау: Жаман сөз айтқанда қандай сезімде болдыңдар?
Мадақтау,қолпаштау естігенде ше?
Психолог: Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір – біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.Мысалы: Сен қиярсың, сен пиязсың т.с.с.
Талдау: Көкөністер арқылы ұрысқанда өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Жаман сөз айтып ұрысқан жақсы ма,әлде көкөністер арқылы ұрысқан жақсы ма? Ерекшелігі неде?
Психолог:Ойыншылар бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді де, бір – бірін түртіп итереді, жай ұрып, соғып, шымшып көреді, бірақ сөйлемейді. Кейін балалар ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.
Талдау: Түрткен,ұрған сендерге ұнады ма?
Не істегілерің келді?
Психолог: Алдымен екі ойыншы ортаға шығады,біреуі аурудан жаңа жазылып, бірнеше күн сабақтан қалып, бүгін бірінші рет сабаққа келіп тұр. Ал екіншісі сенің орныңда отыр. Сен сол сәтте-ақ, бұйыра сөйлеп айқай шығаруың керек: «Тез, дәл жаныңның барында орнымды босат!» - деп. Сонан соң екі ойыншының іс - әрекеті мен реакциялары талқыланады.
Жағдайды кикілжіңге дейін жеткізбеуге бола ма? Қандай ережелерді пайдалануға болады? Бұл қойылымды бірнеше рет әр түрлі нұсқамен ойнатуға болады. Сұхбатты төменгідей бастауға болады:
- қорқытудан;
- ақыл айтудан (әуелі бұл орын бос па, жоқ бос емес пе деп сұрап, кейін отыру керек);
- айқайдан (егер сенің басыңда миың болса, өзге адамның орнына рұқсатсыз отыруға болмайтынын білер едің);
- сұхбаттан (сен жаңадан келген оқушылардың барлығы сияқты ақымақ екенсің);
- көңіл аудармаудан (сен менің назар аударуыма тұрмайсың);
Нұсқаулардың барлығы талқыланады және осы кикілжіңді жағдаяттан кім абыроймен шыға білгендігі ескеріліп, айтылады.
Психолог: Кез – келген кикілжіңді шешу мақсаты қандай? (Екеуін де қанағаттандыратын шешім табу). Егер ондай шешім табылмаса, төбелес басталады. Екеудің біреуі үндемей қоя салу керек. Егер екеуі де қоя салса, онда бұл – компромисс. Ең дұрыс шешім – келісім.
Психолог талқыға келесі сұрақтарды ұсынады:
Үнемі өзіңнің көңіл-күйіңді бақылап жүруге бола ма?
Сіздер кикілжіңді жағдайлардан абыроймен шыға аласыздар ма?
Бұл ойында сендер үшін ең қиын не болды?
ІV. Рефлексия.
а) Нені білдік? Неге үйрендік?
Бүгінгі жұмысымыз неге бағытталды? (Кикілжіңге)
Менің мамандықтағы – бейнем
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз.» Бернард Шоу.
Мақсаты: мұғалімдердің эмоционалды көңіл- күйлерін көтеру, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу, өзара әрекеттестік бірлігін әрі қарай дамыту.
Қатысушылар: мектеп мұғалімдері.
Қажет құралдар: түрлі – түсті қағаздар, баяу әуендер (релак.)
Тренинг барысы:
1 – жаттығу «Сәлемдесу»
Мақсаты: Қатысушылардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу дағдыларын әрі қарай қалыптастыру.
Нұсқау: Юмба тайпасының амандасуы. Ол үшін қатысушылар жұптасып бөлініп алу керек. 1- 2 – 3 дегенде бастаймыз. Қолмен амандасу, шынтақпен, тіземен, иықпен, көзбен, құлақпен т.с.с. Осы жасалған сәлемдесу қимылда-
рын шапшаң орындау қажет.
2 – жаттығу «Аралар мен жыландар»
Мақсаты: Топтасып жұмыс істеу, өзара әрекеттестік бірлігін арттыру.
Нұсқау: Қатысушылар екі топқа бөлініп, өздерінің топтарынан ханшайымын сайлайды. (Аралар, жыландар). Осы топтардан екі қатысушы шығып, губканы аралардың балы ретінде қарап, оны тығу қажет, ал жыландардікі қарындаш болып табылады. Қатысушылар тыққанда, ханшайымдарды бөлмеден шығарып жібереді де, дайын болғаннан кейін кіргізеді. Топ қатысушыларының әрекеті, ханшайымдар тығылған нәрселерге жақындаса, аралар қатты ызыңдап, жыландар ысылдайды; ал алыстаса дыбыстарын ақырындатады. Ойын барысында сөйлесуге рұқсат жоқ.
Талдау:
3 – жаттығу «Дауыспен жиналу»
Мақсаты: Көңіл – күйлері көтеріледі. Бір –бірлеріне деген достық қарым – қатынастары жақсара түседі. Бірлесе іс – әрекет жасауға икемделеді.
Нұсқау: Қатысушылар дөңгелене тұра қалады. Әр қатысушыға құстардың аттары жазылған қағаздар таратылып беріледі (әтеш, көкек, қарға). Олар қағазда жазылғанды оқиды да,ешкімге көрсетпей қалтасына салып қояды. Команда берілгенде, көздерін жұмып, өздеріне келген құстардың дыбысын шығару арқылы өз тобын тауып алу қажет.
Талдау:
3.Кімге қиын болды, неге?
Келесі жаттығуды орындамас бұрын, мұғалімдерді 2 топқа бөліп алу қажет.
4 – жаттығу «Мамандар»
Мақсаты: Мұғалімдердің басқаны үнсіз түсіне алуы мен сезіне алуын дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағыттау.
Нұсқау: Қатысушылар екі топқа бөлінген күйі тұрады. Әр қатысушыға белгілі бір мамандықтың аты жазылған қағазды таратып бермес бұрын, қағазды ешкімге көрсетпеуі ескертіледі.
Қағаз таратылып болған соң, әр қатысушы өз тобына өз мамандығын мимика, жестпен, яғни сөзсіз түсіндіріп береді. Бір – бірінде қандай мамандық бар екенін түсіндіріп болған соң, олар мамандықтың ең маңыздысынан, маңызсызына қарай үнсіз орналастыру керек. Орналастырып болған соң әр топ өз орналастыру тәртібімен таныстырады.
Төмендегі мамандар беріледі:
Талдау:
Қорытынды: Бұл жерде де мұғалімнің белгілі бір қабілеттері ашылады. Біреулер ойынға ұйымдасып белсене қатысса, ал екіншілері келіспей өз инициативаларын ұсынады т.б. Осы ойыннан адами құндылықтарды қаншалықты бағалайтынын көруге болады.
5 – жаттығу «Жунглидағы жаңбыр»
Мақсаты: Мойын, омыртқа, арқаға массаж жасау арқылы, қатысушылардың көңілдерін көтеру.
Нұсқау: -Бір - біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді, күн ашылды
Талдау:
Қорытынды: Бұл жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл – күйлері көтеріліп, сергіп қалады.
6– жаттығу «Мейірімділік кесесі» аутотрениг ( баяу әуен ойналып тұрады)
Мақсаты: Жағымды эмоцияларды алу.
Нұсқау: көздеріңді жұмып, емін - еркін отырамыз. Енді көз алдарыңызға ұнататын кеселеріңізді елестетіңіздер. Ойларыңызбен сол ыдысты мейірімділікпен толтырып қойыңыздар. Қасында басқа адамдардың бос кеселері тұр екен. Өз кеселеріңізден мейірімділікті алып,бос кеселерге құйып – құйып қойыңыздар. Аямаңыздар. «Жақсылық жасассаң, өзіңе қайтып келеді» делінген. Енді өз кеселеріңе қараңыздаршы, бос па, әлде толық па? Үш рет терең дем алып, көзімізді ашамыз.
Талдау:
7 - жаттығу «Комплимент» немесе «Жағымды сөздер»
Мақсаты: Мұғалімдерді ұжымдық біртұтастыққа тәрбиелеу, бір –бірінің еңсесін көтеріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Нұсқау: Екі қатар болып тұра қалайық. Ортаға бір адам шығып, екі қатардың ортасынан өтеді. Ол өте бастағанда кезек – кезек жағымды сөздер, тілектер айтып, арқасынан не қолынан, не иығынан ұстап шығарып салып тұрасыздар. Ойын бәрі өтіп шыққанша жалғаса береді.
Талдау:
Қорытынды: Әрқашанда бір – бірлеріңізге, жақын туыстарыңызға, дос –таныстарыңызға, оқушыларыңызға жағымды сөздер айтып, еңсесін көтеріп, өз – өздеріне деген сенімдерінің артуына жағдай жасаңыздар.
11 сынып оқушыларына ҰБТ табалдырығында психологиялық қызмет көрсету.
Сенімділік- адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.
Сенім- адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
Жаттығу “Мен саған сенімдімін”
´Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту
´
´Фразалы сөзді аяқтау:
´“Мен саған сенімдімін, сен......”
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін адамдардың ұзақ жасайтындығы дәлелденген. Ендеше жақсы көңіл-күйде жүру үшін психолог кеңесіне құлақ түріңіз.
Адам баласы болғандықтан, күнделікті өмірдегі қиындықтар адамды мазасыз күйге түсіріп, одан қалса, денсаулықтарын құртады. Сіз уайымдап, азап шеккеніңізбен, ол сізге пайда әкелмейді, керісінше, жан-дүниеңізге ауыр тиіп, өзіңіз де тұйықтала түсесіз.
«Тек қана алға!» деген жарқын ұранмен әр күніңізді жақсылықтарға арнаңыз.
Бәрі де өз қолыңызда!
anabol.kz
Сабақтың тақырыбы С. Көбеев. Ата ақылы. Атасы мен немересі
Жалпы мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау. Автор туралы білімдерін кеңейту
Оқу нәтижелері 1. Атасы мен немересінің сөздеріне түсінік алады, өз ойларын айтуға машықтанады.
2. Ата мен немеренің ерекшеліктерін анықтап, өмірдегі іс - әрекеттерде қолдануына мысалдар келтіреді, ата - ананы құрметтеуге, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиеленеді.
3. Өздері жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды, тіл байлығы, сөйлеу мәдениеті дамиды.
Жаттығулар
Көрнекілігі 1. Психологиялық дайындық
2. «Ыстық орындық» «Менен - сұрақ, сізден - жылдам жауап»
3. «Ой қозғау»
4. «Ой ашар»
5. «Мағынаны тану»
6. Сергіту сәті
7. «Кері әсер парағы»
8. «Қызығушылығын ояту» Фильвордты шешу
9. Оқулықпен жұмыс
10. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс
11. «Менің атам» эссе
12. Бағалау
Интерактивті тақта, маркер, ватман, бағалау парақшасы,
Ұйымдастыру Психологиялық дайындық.
- Балалар, мен күнге таң қаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты. Жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді. Сиқырлы күн өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым
Мұғалім:
- Біз қандаймыз?
- Біз көңілдіміз!
- Біз қандаймыз?
- Біз батылмыз!
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?
Оқушылар: керемет қылып өткіземіз.
Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз.
І топ: «Ойшылдар»
ІІ топ: «Алғырлар»
ІІІ топ: «Білгірлер»
»Әдістер: сұрақ - жауап, түсіндіру
Негізгі бөлім
І. Өткен сабақ Өтілген тақырыптар бойынша «Зымыран сұрақтар» беру. Тез шапшаң жауап беру.
«Ыстық орындық» «Сұрақ менен, жауап сенен» бүгінгі өтілген материалдар бойынша тез әрі, нақты жауап беру
. Диалогтік оқыту
тірек - схема, деңгейлік - саралау әдісі
АКТ қолдану
ІІ. Жаңа сабақ «Ой қозғау» С. Көбеев туралы не білеміз?
1878 - 1956ж. ж Қостанай облысында туған, Жазушы, ұстаз
«Үлгілі бала» атты кітабы бар
«Ой ашар»
І топ: Немере деген кім?
ІІ топ: «Ата» деген кім?
ІІІ топ: «Ата», «Немере» туралы тақпақтар айту
«Мағынаны тану» Рөлдегі оқушылар әдісі.
1. Баяндаушы - 3 топтан бір оқушы шығып әңгімелейді
2. Сұрақ қоюшы - мәтін бойынша сұрақ қояды.
3. Із қуушы - кейіпкердің ізін қуалайды. Ата, баласы, келіні, немересі.
4. Дәнекерші - өмірмен байланыстырады.
5. Бейнелеуші - сурет салады.
6. Кейіпкерлерді сипаттаушы - әр кейіпкер туралы мұқият ойланып, олардың кім екендігін, мінез - құлқы туралы айтып береді.
«Сергіту сәті» - Балалар біраз демалайық!
ІІІ. Деңгейлік жаттығулар V. «Қызығушылығын ояту» «Филвордты шешу»
Оқушылардың зейіндерін анықтау дарынды және қабілетті балалармен жұмыс
орвыолрвлднемередлооубалалоцшвйцокеліноцрруоуббатасыушшщушцщзуагдқұрметлпрщщ
«Оқулықпен жұмыс» Оқулықтағы мәтінді үзіп оқу арқылы проблемалық сұрақтарға жауап беру
Қорытынды «Кері әсер парағы»
Әсер еткен жері? Неліктен? Пікіріңіз?
Бағалау
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау. Жұлдызшалар тарату
Үй тапсырмасы:
«Менің атам» эссе жазу
«Ата мен немересі» мәтінін түсіну.
«Рефлексия» Бүгінгі сабақтан не ұқтыңдар, не түсінгендерің туралы өз ойларыңды стикерлер арқылы білдіріңдер.
«Ақылдылар мен тапқырлар » танымдық ойыны.
9-11 сынып оқушыларына арналған
Әзірлеп өткізген: Мемлекеттік Республикалық қазыналық кәсіпорын
«Берел Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы»
мен «Ленин атындағы орта мектебі» КММ-нің
1 санатты тарих пәнінің мұғалімі Мергазина Анар Ерлановна.
Шығыс Қазақстан Облысы Катонқарағай ауданы
Катон ауылы «Ленин атындағы орта мектебі» КММ
Мақсаты:
1.Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ы н т а л ан д ы р у
2.Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту.
3.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін ш ы ңдау , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Білімділік:
Тарихтың қайнар көздеріне тоқтала отырып, оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы алғыр және тапқыр оқ у ш ы н ы анықтау.
Тәрбиелік:
Оқушылардың дүниетанымын, білімге қ ы зығушылығын және ойлау, ойды қабілетін арттыру.
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: танымдық ойын/ «Ақылдылар мен тапқырлар»/
Көрнекілігі:
Түрлі түсті таяқшалар, интерактивтік тақта /слай-презентация/, түрлі-түсті суреттер, «Берел құпияларының» реконструцияланған суреттері, Радловтың, Ақышевтың фотосуреттері, жаңғыртпалар,безендірулер/шар, түрлі-түсті топ аттары жазылған қағаз-парақшалар/, Мемлекеттік Республикалық қазыналық кәсіпорын Берел Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының
«Берел» атты кітап көрмесі.
Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары, саны: 20 , іріктеуден- 15 о қ у ш ы қатыса алады.
Жүргізушілер:
Тарих пәнінің мұғалімі- Анар Ерланқызы Мергазина
Берел Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының
саяхат жетекшісі- Ринат Серғазыұлы Мукатаев.
Ойын бағдарламасы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1 Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 9-11 сыныптар аралығында өткелі отырған «Ақылдылар, тапқырлар» танымдық ойынына қош келіпсіздер!
Бүгінгі жастар халқымыздың болашығы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтар ы н. дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын
«Алғырлар, тапқырлар» танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынымызға 20 о қ у ш ы қатысады, іріктеу кезеңінен 3 топ құрылып, әрбәір топта 5 оқушыдан 15 ойыншымен келесі негізгі кезеңдерге өте отырып, ойынды жалғастырады.
Шақыру, таныстыру
Мемлекеттік Республикалық қазыналық кәсіпорын «Берел Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының» саяхат жетекшісі
Ринат Серғазыұлы Мукатаевты ортаға шақыралық./ Ойын мақсатын айту, түсіндіру. /
Жүргізуші:
Қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болып, ортаға шақырайық.
11 «Б»
Бауыржанова Назерке
Тегісжанов Қуаныш
Серіков Мерей
11 «А»
Өміртаева Қымбат
Елғазинов Жарқын
Досан Мейір
Тұрарұлы Мирас
10 «А»
Молдаханова Айзере
Айтқазықызы Еркежан
Маратова Сабина
10 «Б»
Сейтқанов Саулет
Талғатқызы Асем
Қазбекова Мадина
9 «А»
Бегалина Анель
9 «Б»
Есланова Еркежан
Арманов Нияз
Әбілғажин Әділ
9 «В»
Арқабек Жұлдыз
11 «В»
Ауғанбаев Даулет Муратова Айжан
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
----
Іріктеу кезеңінің сұрақтары:
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
Құрметті сайыскерлер кезектесіп
Дұрыс жауапты біздерге берсе деймін
20 сұрақ-жауаптан тұрады.
Ойын шарттары:/іріктелгеннен кейін/
Жүргізуші:
Топ басшыларын сайлап, топтың атын белгілеу.
1 бөлім.
1 жүргізуші:
Ойын үлкен 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім «Берел құпиялары»
2 бөлім «Сандар сөйлейді»
3 бөлім. «Қызықты сөздер сөйлейді»
Әр к е з е ңнің соңында әділ қазылар алқасы жинаған ұпай сандарыңды хабарлап отырады. Ұпай әрбір қ о й ы л ғ а н сұраққа 5 балдан есептелініп отырады. Жауап бере алмаған топ орнына келесі жауабы дайын топ жауап беру мүмкіндігі бар және балы есептелініп қосылып отырады. Орыс сыныптарының оқушыларына түсініксіз болса, орыс тілінде аударма беріледі. Сонымен дайын болсақ, ойыншыларымызға сәттілік тілеп,
1 бөлімді бастайық.
Жүргізуші:
Шын жүректер сыналады
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды біздерді,
Жеңіс мәре жақын ба , әлде алыс па.
Экранға назар аударайық.
Слайдтар
Жауап: Берел қорғандары пазырық мәдениетіне жатады.
Жауап:«Мәңгі тоң басу» феноменіне байланысты . Суретте: тоң басуды зерттеуші-ғалымдар жұмыс үстінде.
Қай археолог-ғалым «Мәңгі тоң басу» феноменін ашты? Қай жылдары?
Жауап: Ең алғаш болып 1865 жылы қазба жұмыстарды басқарған В.В. Радлов
(1837 ж 5 аңтар- 1918 ж 12 мамыр) болды және бұл объект
«Үлкен Берел қорғаны» ғылымда деген атпен белгілі. Ұлты неміс, белгілі ресейлік шығыстанушы-түркітанушы, этнограф, археолог және ұстаз —мәңгі тоң басу феноменін ашты.
Жауап: О дүниелік өмірдің бар болуына сену, жерленген көсемнің жоғары дәрежесін көрсету, сыртқы келбетін сақтап қалу.
Жауап: Қарта жоңышқа (Қартабан) бұтасы. Курильский чай.
Жауап: Күмбез тәрізді пішін қолданылды
Жауап: самырсын және балқарағай
Жауап: Марал
Жүргізуші:
/Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептегенше/
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те күйші деп те айт оны.
Күйге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді
Күй «Ата толғау»-Нұрлы Бектұрғанқызы
2 бөлім «Сандар сөйлейді»
Жүргізуші:
1-сұрақ: Берел қорғандарында алғаш археологиялық зерттеулер жүргізілген жылдар?
Жауап:1865 жылдары Берел қорғандарында алғаш археологиялық зерттеулер жүргізілген. Қазба жұмыстарды басқарған В.В. Радлов.
2-сұрақ:1998-1999 жылдары Берел қорымын зерттеу барысында нешінші № -лі қорған ашылды?
Жауап: № 11 қорған
3-сұрақ: Берел қорғандарын зерттеуде неше жылқының мүрдесі табылды?
Жауап:13 жылқының мүрдесі табылды
4-сұрақ: Берел қорғанынан табылған адам қай жылдары өмір сүргені анықталды?
Жауап:Б.з.б. 294 жылдары немесе III-II ғасырлар.
5-сұрақ:№ 11 қорғаннан табылған ер адамның жасы нешеде?
Жауап: Ер адамның жасы генетикалық зерттеулерге сүйенсек-30-40 жас шамасында
6-сұрақ:
№ 11 қорғаннан табылған әйел адамның жасы нешеде?
Жауап: № 11 қорғанда табылған әйел адамның жасы шамамен 50-55
7-сұрақ: Парсы деректеріндегі мәлімет бойынша сақтар неше топқа бөлінген?
Жауап:Сақтар-тигрохауда,хаомаварга,парадарайя
8-сұрақ: Парсы патшасы Кир мен Сақ патшайымы Томиристың соғысқан жылдары?
Жауап: Б.з.б. 530 ж.
9-сұрақ: Есік қаласынан «Алтын Адамның» табылған жылдарын атаңыз?
Кім тапты?
Жауап: 1969-1970жж. Акишев К.А.
Жүргізуші:
Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ
Жігіттер шықса ортаға
Бүгін «әнші» атанбақ.
Ән-Мерейдің орындауында «Туған жер»
3 бөлім
“Қызықты сөздер” сөйлейді
Дендрохронология
Палеоботаника
Геокриология
Дендрохроноло́гия — табылған археологиялық олжалар мен көне жәдігерліктердің мерзімін анықтау үшін ағаштың жылдық сақиналарын зерттеу әдістердің бірі. Ағаштан жасалған заттар мен ағаш діңгегі бөліктерінің (құрылыста қолданылған) мерзімін анықтау үшін және билогияда, соңғы мыңжылдықта болған биологиялық өзгерістерді зерттеу үшін қолданылатын әдіс.
Дендрохроноло́гия — одна из методик датирования археологических находок и древних предметов, основанная на исследовании годичных колец древесины. Используется для датирования деревянных предметов и фрагментов древесных стволов (например, в постройках), а также в биологии — при изучении биологических изменений за последние тысячелетия.
Палеоботаника немесе ботаникалық палеонтология —
қазып алынған өсімдік қалдықтарын зерттейтін ғылым. Мәңгі тоң басудың арқасында 2500 жылдық өсімдіктер сақталып қалды, бұлар палеоботаникалық зерттеулерге негіз болды.
Палеобота́ника, или ботани́ческая палеонтоло́гия — наука об ископаемых растительных остатках. Благодаря искусственной мерзлоте сохранились растения 2500-летней давности, которые и стали объектом палеоботанических исследований.
Геокриология
(гр. гео' - жер және кроас — суық, логос — ғылым) –
Жер қыртысындағы тоң қат-қабаттардың құрылымын, құрамын, қасиеттерін, тегін, таралуы мен даму тарихын, сондай-ақ олардың қату-еруімен байланысты процестерді зерттейтін ғылым. Берел қорғанында геокриологтар мәңгі тоң басу феноменының қалыптасуын зерттеді.
Геокриология (мерзлотоведение) — раздел геологии, наука, изучающая мерзлые горные породы, особенности их состава, строения, закономерности формирования, развития во времени и пространстве, а также мерзлотно-геологические процессы и явления. На Берельском некрополе геокриологи изучали феномен образования искусственной мерзлоты.
Антрополо́гия (еж.-грек. ἄνθρωπος — адам; λόγος — «сөз, тіл») — адамды, оның пайда болуын, дамуын, табиғи және мәдени ортадағы тіршілігін зерттейтін ғылыми салалар жиынтығы.
Антрополо́гия (др.-греч. ἄνθρωπος — человек; λόγος — «слово, речь») — совокупность научных дисциплин, занимающихся изучением человека, его происхождения, развития, существования в природной (естественной) и культурной (искусственной) средах, Физическая антропология, включающая палеоантропологию и прикладную дисциплину судебная антропология, рассматривает человека в качестве биологического вида в контексте его эволюции.
Археоло́гия (еж.-грек. ἀρχαῖος — ежелгі λόγος —сөз, оқу) —адамзаттың тарихын, өткенін табылған заттар немесе заттай деректер бойынша зерттейтін сала. Заттай деректер дегеніміз – адамның қолдан жасаған материалдық жағдайлары: құрылыстар, қару-жарақтар, әшекейлер, ыдыстар, өнер туындылары және т.б.
Археоло́гия (др.-греч. ἀρχαῖος — древний и λόγος — слово, учение) — историческая дисциплина, изучающая по вещественным источникам историческое прошлое человечества.Вещественные источники — это орудия производства и созданные с их помощью материальные блага: постройки, оружие, украшения, посуда, произведения искусства — всё, что является результатом трудовой деятельности человека.
Жүргізуші:
Әділ қазылар әділ шешімін шығарғанша сіздерге тәжірибелік тапсырма ұсынылады.
Оқу ісі – тәрбиемен өңделген
Ал, тәрбие мәртебемен тең келген-
дей отырып, сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Марапаттау
Қорытынды.
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі «Алғырлар,тапқырлар» атты танымдық ойын-сайысы аяқталды.
Ойын барысында өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.
Сынып: 10
Пәні: Қазақ әдебиеті
«Бақытты сәт» танымдық ойыны
Қайырлы күн! Озық ойлы оқушылар,ұлағатты ұстаздар,ардақты ата-аналар.
«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Елім,сен де қатарыңнан қалыспа» атты сайысы ірі мемлекет және қоғам қайраткері,әдебиеттанушы,ленгвист,түркітанушы ғалым,ақын,аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы 140-жылдығына арналады.
Қазақ жұртына не болған? Неге ұйқыда? Неге оянбайды?Халқымды оятсам-деген тілек мәңгілік Ахметтің өмірлік кредосы болды.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес,алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Елім,сен де қатарыңнан қалыспа.
* * *
Балалар,бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер,түсіп байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
* * *
Даналық өшпес жарық,кетпес байлық,
Жүріңдер,іздеп тауып алалық та.
* * *
Даналық деп ғылым – білімді танып, сол жолда оқуды басты мақсат қылып алалық.
I гейм
Топтарға 10 сұрақтан беріледі.Көп жауап берген ұтады. «Шежіре» тобына.
А.Байтұрсынұлының туған жылы (1873)
Туған жері (Қостанай обл,Торғай алабындағы,Сарытүбек ауылында)
Хат танып,сауатын қайдан ашады? (Өз ауылынан)
Торғай қаласындағы екі сыныптың орысша-қазақша учелищеде қай жылдары аралығында оқиды?(1886-1891ж.)
Орынбордағы мұғалімдік мектепке қай жылдар аралығында оқыды? (1891-1895.)
Ғылыми еңбектерін ата («Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш».)
«Қырық мысал» еңбегі тәралы ақынның айтпақ,жеткізбек идеясы жөнінде айтыңыз.
Ахмет қазақ халқым кімдермен салыстырды?
Не себепті «Маса болып ызыңдайды?» Кімді шақпақшы болды?
«Аққу,шортан,һәм шаян» мысал өлеңнен қандай ғибрат аласыз?
Құрметті қазылар алқасы, I гейм қорытындысымен топтардың ұпай саны, қанша екенін айтуларыңыз сұралады.
II гейм
«Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
Топ мүшелері таңдаған шарын алады. Шарды жарғанда ішінен сұрақтар шығады.Топ мүшелері бірігіп талдап,біреуі жауап береді.
1.Сөзжұмбақ
2.Ребус
4.Ахмет-ағартушы,мұғалімдігі жөнінде не айтасыңдар?
5.Ахмет-көсемсөзшілігі жөнінде ше?
Қазылардан ІІ геймнің қорытындысын сұраймыз.
ІІІ гейм
«Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген топ ұтады.Жауап беретін топ жалауша көтереді.
1.Ахмет Байтұрсынұлының қай жылы,қандай әліпби ұсынды? (1926ж. Жаңа әліпби)
3.Қазақ тілін талдап тануда Байтұрсынұлын ерекше бағалайтынымыз-ол қазақ тілінің несін жасады? (Терминін)
5.Ахмет мысалдары И.А.Крылов мысалдарынан көлемі жағынан қандай? (үлкен,көлемді «Қасқыр мен тырна» орысша-19,қазақша 36 жол)
6.Мысалдарда ой түйінін беруде нені қолданады? (қазақ мақал-мәтелдерін қолданады,ақыл-кеңеспен тұжырым жасайды)
8.1926ж. Мәскеуден тағы қандай жинағы шықты? («23 жоқтау»)
9.Ахмет қазақша жыл қайыру бойынша қай жыл туған? (Мешін жылы)
10.Ахметтің атасы кім? (Шолақ)
11.Байтұрсынның бауырларын ата (Ақтас,Ерғазы,Санжар)
12.Ахметтің туған інілерін ата (Қали,Кәкіш)
13.Ахаңның жұбайы (Бәдрисафа,Александра)
14.1934 ж. Ахмет айдаудан мерзімнен бұрын кімнің көмегі арқылы босап шықты? (Дүниежүзілік Қызыл Крестке М.Горькийдің жары Е.П.Пешкованың жолдаған арызы бойынша босатылады)
Қазылар алқасы ІІІ геймнің қорытындысымен таныстырып өтуді сұраймыз.
IV гейм
«Сен-маған,мен-саған.» Топтағылар бір-біріне екі сұрақтан қояды.
Сөз қазыларда
V гейм
«Көсемдікке ұмтылу»
Екі топ А.Байтұрсынұлы туралы зиялы қауымның айшықты ойларын, өз пікірлерін,ұсыныстарын жарыса айтады.
Қане, бастаңыздар...
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. «Бақытты сәт» ойынын қорытындылау үшін сөзді қазылар алқасына бересіз.(Қазылар алқасы сөз алады)
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық сайыс сабақ
Мақсаты : 1. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.
Сабақтың түрі:топтық жұмыс
Жоспар :
1.Оқушыларды топқа бөлу
2.Топ басшысын сайлау
3.Әділқазы алқасын сайлау
4.Әр топқа тапсырмалар беру
5.Қорытындылау
«Алғырлар» тобы « Тапқырлар» тобы « Ойшылдар» тобы
Психологиялық тренинг «Қошемет».
Топқа бөлу.
I-тур « Кім жүйрік »
1-тапсырма.
Топбасшысына арналған сұрақтар
Құшағымда білім көп.(кітап-книга-book)
2.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква)
3.Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц-rabbit)
4.Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)
5.Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка-cat)
6.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса-box)
7.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)
8.Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)
9.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады.(аяз-мороз)
II Тур «Ойлан,тап!»
1 тапсырма Құпия хаттарға жауап беру
I -топ
Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе-көз өтірік
айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен өтірік айтқанды жаным
сүймейді.Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
II-топ
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргенде
үй-ішін айтып ,алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.Және өзінен кіші
балаларды үнемі ренжітеді.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсы
ойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?
III-топ
Құрметті достар.Менің бір сыныптасым бар.Ол үнемі сыныпқа сотка алып
келеді де,біздерге көрсетіп мақтанады.Мен оның соткасын көріп,өзім де сондайын
алғым келеді.Ал менде оны алатын ақша жоқ.Сендер айтыңдаршы менің
не істегенім дұрыс?
III-тур « Кім жылдам ? »
2-тапсырма
Мақалды жалғастыр.
1-топ
1.Тіл тас жарады,
тас жармаса... (бас жарады)
2.Бал тамған тілден..(у тамады)
3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты ..(сөз бұзар)
4.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)
5.Шебердің қолы ортақ,шешенің... (тілі ортақ)
2-топ
1.Өнер алды -...(қызыл тіл)
2.Айтылған сөз-...(атылған оқ)
3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан... (інінен шығар )
4.Басқа пәле...(тілден )
5.Тілге құрмет-...(елге құрмет)
3-топ
1.Өз үйім...(өлең төсегім )
2.Батыр туса ел ырысы,...(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )
4.Ғылым теңіз,...(білім кеме )
5.Оқу инемен.....(құдық қазғандай )
IV-тур « Математик»
Тудың авторы кім?
Бір жылда неше ай бар?
Бие сүті қала аталады?
Сұйықтың өлшем бірлігі?
Қандай деген сұраққа жауап беретін сөз табы?
Абылайдың шын аты кім?
Елтаңбаның авторы кім?
Абай кім?
Жылдың неше мезгілі бар?
Тауық жеті қазынаға жата ма?
Абайдың әжесі кім?
Түйе сүті?
Ең алғаш балаларға мектеп ашқан кім?
V-тур « Сөз құрау»
Жұмыртқа
VI-тур « Логика»
Логикалық тапсырмалар
1.Сыныпта 30 оқушы.Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді.Сыныпта ұл бала нешеу?(12 ұл)
2.Ағашта9 құс қонып отыр.Аңшы бір құсты атып түсірді.Ағашта неше құс қалды?
(бәрі ұшып кетті)
3.Бір аяқта тұрғанда қораздың массасы 5кг.Екі аяқта тұрса,оның массасы қанша болады? (қораздың массасы 5кг)
4.Екінші аусымда оқитын екі дос мектепке бара жатыр.Олар бірінші аусымда оқитын
үш досын кездестірді.Мектепке барлығы неше бала бара жатыр? (2 бала)
5.Жолда келе жатқан екі бала 20 теңге тауып алды.Олардың артынан бес бала келе
жатыр.Олар қанша теңге тауып алды?(Ешқандай теңге таппады)
6.Анасы Серікке бірнеше алма берді.Ол алмалардың жартысын жеп ,қалғанын 4 алманы қарындасына апарып берді.Анасы Серікке барлығы қанша алма берді?
(4 алма дегеніміз алманың жартысы.Демек Серіктің барлығы 8 алмасы болған.)
7.Басы теңесіп тұрған таразының бір жағында табақта бір алма мен екі алмұрт,
екіншісінде екі алма мен бір алмұрт бар.Қайсысы жеңілдеу,алма ма әлде алмұрт па?
(алма мен алмұрттың салмағы бірдей)
8.Қандай санның атының жазылыуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?(100-жүз)
9.Отбасында 2 бала бар.Мәрлен Ардақтың ағасы ,ал Ардақ Мәрленге аға емес.
Сонда Сұңғат кім?( Қарындасы)
10.Пойыздың 10 вагоны бар.Бауыржан басынан санағанда бесінші вагонға отырды,ал Ұлан аяғынан санағанда бесінші вагонда отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін
бе ?(Бауыржан 5-ші,Ұлан 6-шы вагонға отырды)
11.Бақ ішінде 4 жасыл және қоңыр орындықтар тұр.Жасыл орындықтар қоңыр
орындықтардан артық .Жасыл орындық нешеу,қоңыр орындық нешеу?
(жасыл 3,қоңыр орындық 1)
12.Бүгін жұма,ал бүрсігүні қандай күн болады?(жексенбі)
13.Бүгін Анар нешеде болса, үш жылдан кейін Мадинаға да сонша жас болады.
Екі қыздың қайсысы үлкен?(Анар үлкен)
14.Алмұрттардың жартысынан компот қайнатылды.Компотқа 3 алмұрт жеткен
болса,әуелде қанша алмұрт болған? (6 алмұрт)
Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтау және марапаттау.
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
А .Кішкенекөл
4 «А » оқушыларының сынып жетекшісі Шарипова Жанаруль Хаербековна
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
«Әріптестік қарым-қатынас»
Тренингі
Педагог психолог: Инкарбекова Макпал Кенжебекқызы
ОҚО.Созақ ауданы №24 колледж МКҚК
Мақсаты: мұғалімдердің ойлануының мазмұнын сыртқы қимыл- әрекеттер арқылы жеткізе білу қабілетін жетілдіру. Бір-біріне жылылқ силау. Өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Міндеті:
Тренинг барысы:
Армысыздар, құрметті қонақтар.
М.Әуезов айтқан: «Қазақ тілі әреі бай, әрі көркем тіл. Дүние жүзіндегі ең бай , бейнелі, таза, өткір, терең, кең тіл».
Қазақ тілі- мемлекетімізді өркендетіге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көрсететін құрал. Адамды мұратына жеткізетін – ана тілімен ата дәстүрі.
Психолог:
І. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз сәлемдесу рәсімін жасап алайық.
Қуаныш шеңбері.
Амансыз ба, күн! / қолымызды күнге көтереміз/
Амансыз ба, дос! / қолымызды жоғары көтеріп, қатар тұрған көршіміздің қолын қысамыз /
Амансыз ба, ғасыр!
Амансыз ба, әлем! / қол ұстасып қолмызды жоғары көтереміз/
Жақсы адамға мың сәлем! / өзімізді көрсетеміз /
ІІ. «Болмысымның бәрі – тілімде, Тілімдегінің бәрі- түсімде»дейтін жәйттердің бәрі адамның бет және дене құбылыстары(мимика және пантомимика) арқылы бейнеленіп көрсетіледі.
Арнайы тапсырманы орындау: Топ жетекшілерне ішінде мақал жазылған үлестірме ұсынылады. Сол мақалдың мазмұнын топ мүшелерінің бірі денесінің қимыл-қозғалысы мен бет әлпетін өзгерту арқылы көрсетеді де, оның шешімін қарсы топтан талап етеді.
III. «жіпті шешу» ойыны
Мұалімдер бәрі бірге жұптасып тұрады. Әр жұпқа шиеленіп байланған жіп таратылады.Жұптасқан мұғалімдер сол қолдарны артына ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешуі керек. Қане, қай жұп жеңімпаз атанадар екен. Музыка ойналады.
Жауап.
Бос болса Қуыс кеуде.
Қол жуу- асықпай ойланып орындайды.
3)Қысқа жол- тез шешім қабылдағыш, ұшқыр ойлы.
Ұзын- асықпаушылық, шешімді асықпай ойланып қабылдайтын адам.
Т. Манн айтқандай, адам әуелі өзін-өзі танып, өзінің жетістігі мен кемшіліктерін біліп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік алады
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барыс,
Біз үлкен отбасы.
(Мұғалімдер қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
Қорытынды
Тіл- адамның адамдық белгісінің жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамадар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күндері тіліміз өркендеп келеді.Сол ана тілімізді қастерлеу- біздің міндетіміз.
Махаббат
М- маңдайынан иіскеп өскен
А-асыл шексіз сөзіменен
Х-халық тірегі болады деп
А-асқақ арман жетегімен
Б-бесік тербеп әлдилеген
Б-бауыр етің балдай тәтті
А-асылым деп мәпелеген
Т-тілімізге мың тағзым
Хормен
Махаббатымыз мәңгі біздің тілге деген.
Рефлексия: Егер жүргізілген «әріптестік қарым-қатынас» атты тренинг барысы ұнап көңіліңізден шықса «У» дыбысын хормен айтып шапалақ ұрыңыздар(бүкіл аудитория).
Павлодар қаласы Баянауыл ауданы
Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің
педагог- психологі:Каби Айнагул
Біз агрессияны жеңе аламыз ба?
Тақырыбы: Біз агрессияны жеңе аламыз ба?
Мақсаттары: оқушыларға агрессивті мінез - құлық туралы түсінік беру. Агрессия мен ашудан арылу қолайлы тәсілдерін өндіру, агрессивті мінез - құлыққа теріс көз – қарас қалыптастыру.
Құралдар: мәтін «Жылан туралы аңыз», релаксациялы музыка
Сабақ барысы.
Үй тапсырмасын талқылау.
Психолог қатысушыларға сұрақ қояды: Басқалары сіздерді қалай тыңдайтынын және өздеріңіз басқаларды қалай тыңдайтындарыңызды бақыладыңыздар ма?
Сосын агрессияның не екенін және ол қашан көрінетінін естеріне түсіруге ұсыныс беріледі.
Тақырып бойынша жұмыс.
Психолог. Ойланыңыздар, адамға өмірде агрессия керек пе? Талқылау барысында адамның өмірінде эмоцияның маңыздылығын еске түсірген дұрыс.
Психолог. Ал енді«Жылан туралы аңыз» тыңдайық.
«Ертеде өте улы жылан тұрыпты, уынан қорқып оған ешкім жақындамаған. Сондықтан ол жападан - жалғыз өмір сүріпті. Бір күні жалғыздықтан жалығып жылан өзінің уын терең орға лақтырып жіберген. Оны көрген бүркіт басқа аңдарға айтыпты. Аңдар енді қорықпайтын болғасын жыланды тастармен лақтырып өлтірген.»
Психолог. Осы аңыздан қандай қорытынды жасауға болады? Қандай жағдайларда адамға агрессия керек?
Қорытындылау: агрессия өзін - өзі қорғауға керек
Кейде агрессия адамға өзінің намысын және қастық жасаған жаудың алдында басқалардың намысын қорғауға көмек көрсетеді.
Оқушылар дәптерге жазады:
Конструктивті агрессия өзін - өзі және басқаларды қорғауға, бостандық және тәуелсіздік құруға бағытталған.
Деструктивті агрессия – ол басқыншылық, қатаңдық, қастық, жеккөрушілік. Басқаларды кеміту арқылы өзін - өзі жоғарлату.
Психолог. Ал сіздердің агрессияларыңыз көбінесе қай түрінде көрінеді? Қалай сіздер оны қолға аласыздар?
«Көрме» жаттығуы
Психолог. Жайлы, емін - еркін отырып көздеріңізді жұмып, 3 - 4 рет тереңдетіп дем алыңыздар. Енді үлкен көрмеде жүргендеріңізді елестетіңіздер. Көрмеде сіздерді ренжіткен, ызаландырған, сіздерге әділетсіздік көрсеткен адамдардың фотосуреттерін көресіздер. Соның ішінен сіздерді ренжіткен бір адамның фотосын таңдап сол ренжіген жағдайды естеріңе түсіріңіздер. Сол кездегі сезімдеріңізді еске алып сіздерді ренжіткен адамға барлық ойыңыздағыны айтып салғаныңызды елестетіңіздер.
Жаттығудан кейін пікір алмасу: Қандай жағдайды елестете алдыңыз? Өзіңіздің түйсіктеріңізді елестету қиын болды ма? Жаттығу барысында түйсіктеріңіз өзгерді ме?
Сабақ талдау.
Психологтың сұрақтары: Ашуды басу әдістерінің қайсы сіздерге қолайлы? Агрессияны жою үшін үйрену керек пе? Агрессивті қүйді жою әдістерімен қолдану мүмкіншіліктеріңізді бағалай аласыздар ма?
Үй тапсырмасы.
Психолог. Қатты ызаланған кезде күлкілі сөздермен ұрысып көріңіздер, мысалы: «Тих - тиби дух» сонда ызаның басылғанын сезесіздер.